BIM / 3D модельдеу және лазерлік сканерлеу
Компаниядағы барлық жобалар ынтымақтастықты жақсартатын және команда мүшелері арасында келісілген және уақтылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін үш өлшемдік бағдарламалық жасақтамасын және деректерге негізделген меншікті қосымшаларды пайдалана отырып әзірленеді.
КМГП инженерлік пәндерімен жабдықталған 3D дизайнның озық технологиялары мен цифрлық құралдар BIM классификациясы бойынша 3-Деңгейге сәйкес келеді.
Бізде егжей-тегжейлі үш өлшемді (интеллектуалды) үлгілерді жасау және оларды клиент модельдеріне интеграциялау тәжірибесі бар. Біз лазерлік сканерлеу нәтижелерін үш өлшемді модельмен біріктіріп пайдаланудың барлық артықшылықтарын қолданамыз, бұл жобалаудың бастапқы кезеңінде қазіргі объектінің немесе болашақ құрылыс алаңының ерекшеліктерін жоғары дәлдікпен ескеруге мүмкіндік береді. Жобаның басында жасалған лазерлік сканерлеу алаңдарды зертеуінің санын азайтуға септігін тигізеді, сонымен қатар жобалаушылар үшін жағдайды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Жобалаудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін KМГП Leica лазерлік сканерін пайдаланады.
Біз құрылыстың ілгері жүрісін белгілеу үшін, қолданыстағы ғимараттардың, құрылыстардың және жабдықтардың (мысалы, шөгінділердің) күйін бақылау үшін және жаппай сақталатын инертті материалдардың мөлшерін бақылау үшін мерзімді лазерлік сканерлеуді жасап тұрамыз.